Видео-арт
Инсталляциялары бар пәнаралық перформанс
Қатысушылар: Гүлнұр Мұқажанова, Дәрия Темірхан, qazaq indie, SAMRATTAMA
Дәрия Темiрхан (2000 жылы туған, Орал, Қазақстан) — цирфлық және физикалық коллаждар, дыбыс өнері және видеоартпен жұмыс істейтін өнерпаз. Дәрия өз жұмыстарында ауылдар мен шағын қалалардың баяу өмір ырғағын салыстырып, қала өмірі тақырыбын қозғайды. Ол үшін әсіресе Қазақстандағы мәдениет пен өнерді орталықсыздандыру маңызды.
Аталған видеода айдаһарлардың әртүрлі түрі бейнеленген. Олар суды еске салатын кеңістіктер арасынан өтіп, маңызды жиналыста бас қосады. Бұл су кеңістігі өң мен түстің арасында орналасқан. Аудио есебінде Жайық өзені жағалауының дыбысы пайдаланылған.
Айдаһарлар қорғансыздарды қорғап, әлсіздерге күш береді.